Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА
ашық дереккөз
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Әулие-Ата TрансПасс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен және Байзақ ауданындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жалпы, қала тұрғындары қоғамдық көліктердің уақытымен жүрмейтінін, көбінің тозығы жеткенін, кейде жүргізушілердің жолаушыларға дөрекі мінез танытатынын жиі-жиі сынға алып жатады. «Әулие-Ата TрансПасс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Рашид Пірманов қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және кемшіліктерді ретке келтіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. – Бүгінгі таңда автобус паркінің 130 автобусы (барлығы 150) халыққа қызмет көрсетуде. Жасыратыны жоқ, тұрғындардан қоғамдық көліктердің ескілігіне байланысты көп шағым түседі. Сондықтан халықтың талап-тілегін, өтінішін ескере отырып автопаркті жаңарту жұмыстары қарқынды жалғасып келеді. Қазіргі таңда автобустарымыздың 85 пайызы жаңа. Жыл сайын кемі 20 жаңа автобус сатып алып жатырмыз. Мәселен, 2022 жылы 800-850 миллион теңгеге 20 автобус сатып алдық. Алдағы уақытта да сыйымдылығы жоғары, заман талабына сай, жолаушыларға ыңғайлы автобустар алу бағытында жұмыс жүргізе беретін боламыз. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес автобустардың қатынау уақыты да ұзартылды. Айта кетейік, жүргізушілердің орташа айлық жалақысы 250 мың теңгені құрайды. Қатынау уақытының ұзарғанына байланысты жалақы тағы өсті. Өйткені жұмысшылардың еңбегін жемеуіміз керек, – дейді Рашид Сантөреұлы.  Ал облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының инспекторы Қайрат Қайнарбаевтың айтуынша, облыс бойынша 117 автобус маршруты (12 маршрут облысаралық, 25 – ауданаралық, 46 – ауданішілік және ауылішілік, 34 – қалалық) ұйымдастырылған. –2022 жылдың 20 мамырынан бастап Тараз-Алматы-Тараз бағытында әуе рейсі қайта жандандырылды. Билет құны – 12 000 теңге. Бүгінгі таңда рейстер 95 пайыз жүктемемен орындалуда. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласына әуе рейсінің жиілігін ұлғайту және Атырау қаласына жаңа әуе рейсін ашу жоспарлануда. Биылғы жылы қалалық тасымалдаушы мекемелер тарапынан 40 жаңа автобус алынып, №30 және №19 маршруттарда қызмет көрсетуде. Жалпы жыл қорытындысымен 75 автобус алу жоспарлануда, – дейді Қайрат Қайнарбаев. Мұнан кейін БАҚ өкілдері облыстық маңызы бар Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық автомобиль жолы бойында орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады. Жалпы осы жылы жол саласына 16,2 миллиард теңге бөлініпті. Бөлінген қаржы есебінен 9,4 шақырым жолды қайта жаңғырту және 605,2 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Салада барлығы 252 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тоғыз айдың қорытындысымен жоспардағы 605,2 шақырым жолдың 478-інде жол жөндеу жұмыстары аяқталған. –  Жол саласында кез келген жобаны іске асырарда ең біріншіден халықтың сұранысы ескеріледі. Мәселен, Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық бағытындағы жолдың сапасыздығы халық тарапынан көп сынға ұшырады. Қазіргі таңда аталған бағытта жол жөндеу жұмыстары қызу жүруде. Атап өтер болсақ, Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық автомобиль жолының 20-40 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 40- 60 шақырымында 5 қыркүйекте жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер – «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 20 техника және 30-дан аса жұмысшы жол жөндеу жұмыстарына тартылған. Жоба келесі жылға өтпелі. Биылғы жылға қарастырылған 11 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарын қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда, – дейді облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бас маманы Дархан Абдунов. 

Т.БЕРІКБАЙҰЛЫ

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар