Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында өскелең ұрпақтың тәрбиесін күшейтуді, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтар аясында келешек ұрпақтың санасын әділдікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа баулуды тапсырған болатын.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы 2023 жылы оқу-тәрбие процесіне енгізіліп, Мемлекет басшысының биылғы Ұлттық құрылтайда айтып өткен құндылықтарына сәйкес толықтырылды. Қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады.
Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді.Аталған идеялар мен құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды.
Семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үш тағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.
Оқыту семинары Талас ауданында да өтті. Қаратау қаласындағы «Өнер» мектебінің базасында мектеп директорларына, орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған семинар онлайн және офлайн режимінде өтті.
Барлығы 127 педагог қатысты.Семинарда білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, тәрбие құндылықтары негізінде «ДОСБОЛLIKE» жобасын іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар мен іс-шаралардың жоспары, сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды.
Тәрбие мен оқыту – өзара тығыз байланысты, бір-бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттары және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Айжан ӨЗБЕКОВА
Жүйелі жұмыс жалғасын табады
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024