Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін алғашқы зауыт 2025 жылы салынады деп жоспарлануда
- author AR-AY
- 27 тамыз, 2024
- 59
23 тамызда вице-премьер Серік Жұманғарин «Курочка ряба» брендімен өнім шығаратын «CAPITAL projects LTD» ЖШС-ның қуаттылығы жылына 20 мың тонна тауық етін өндіретін фабрикасы орналасқан Ақмол ауылында болды. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен жақын арада өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Кәсіпорын тауық еті мен жұмыртқа өндірісінің толық циклін құрған «Шаңырақ» компаниялар тобына кіреді: аналық мал – инкубациялық жұмыртқа – инкубатор – репродуктор – тауық еті және жұмыртқа – тарату. Сонымен қатар жем өндіру және экспорттау үшін ауылшаруашылық дақылдарын өсіреді. Кәсіпорын ең аз қалдықпен жұмыс істейді, тіпті тауық көңі де дақыл өсіруде пайдалану үшін органикалық тыңайтқыштарға өңделеді.
Қазіргі уақытта майлы дақылдарды қайта өңдеу желісі салынып жатыр, бұл өз жемшөп өндірісін 25%-ға арзандатуға мүмкіндік береді. Бұл тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасына оң әсер етеді, өйткені жем осы өнімдердің өзіндік құнының негізгі және ең қымбат құрамдас бөлігі болып саналады.
Кәсіпорын тәулігіне 1 млн жұмыртқа өндіретін пастерленген сұйық және құрғақ жұмыртқа өнімдерін шығарумен айналысады. Бұл тауық жұмыртқасын терең өңдейтін еліміздегі алғашқы зауыт болмақ. Кәсіпорын қазірдің өзінде технологиясы Қазақстанда белгіленетін, жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша әлемдік көшбасшы Тhornico (Sanovo) компаниясымен эксклюзивті келісімге қол қойды, Бұл жобаны келесі жылы жеңілдетілген несиелеу түрінде мемлекеттің қолдауымен жүзеге асыру жоспарлануда. Вице-премьер аталған жобаны қолдап, оның еліміздегі АӨК саласында терең қайта өңдеуді дамыту қажеттігін атап өтті.
Кәсіпорында ылғал астықты сақтаудың жаңа әрі қолжетімді әдістері қолданылады. Мұнда 8 жылдан бері ылғалдығы 18-20% болатын астықты сақтауға арналған пластик қапшықтар қолданылады. Бұл пішінде оны алты ай бойы қауіпсіз сақтауға, көктемде ашып, кептіріп, әрі қарай сақтауға болады. Кәсіпорын басшысы Максим Божконың айтуынша, оттегінің болмауына байланысты астық жыл бойына өте жақсы сақталады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға 170 тоннадан астам картопты заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды
- авторAR-AY
- 24 қыркүйек, 2024
Қазақстанда мерзімі ұзақ сақталатын жұмыртқа өндіретін алғашқы зауыт салынады
- авторAR-AY
- 17 қыркүйек, 2024