Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды arainfo.kz. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылды.
Көкөніс дақылдары 52,7 мың гектардан жиналып, өнімділігі 250,6 ц/га құрап, 1,3 млн тоннадан асты. Бақша дақылдары - 81,6 мың га алқаптан жиналып, өнімділігі 250,4 ц/га құрап, жалпы алым 2 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері бақылауда.
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы
Қазақстанға 170 тоннадан астам картопты заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды
- авторAR-AY
- 24 қыркүйек, 2024
Ауыл шаруашылығы
Қазақстанда мерзімі ұзақ сақталатын жұмыртқа өндіретін алғашқы зауыт салынады
- авторAR-AY
- 17 қыркүйек, 2024