Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады

Жамбыл облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Мемсараптама» РМК Жаңатас қаласында күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы" жобасы бойынша оң қорытынды берді.Жобаны Жамбыл облысының Сарысу ауданында Жаңатас қаласынан 18 шақырым жерде іске асыру жоспарлануда.

Жарияланған учаскенің жалпы ауданы 127 гектарды құрайды. Жобада Қазақстанда химиялық тыңайтқыштар өндірісінің қажеттіліктері үшін қажетті қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіру қарастырылған. Жоба аясында барлығы 19 ғимарат пен құрылыс қаралды.

Ауқымды жобаның инвесторы – минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі «ЕвроХим» компаниясы. EPC мердігері China National Chemical EngineeringGroup, қосалқы жобалау бойынша мердігер «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС Инжиниринг компаниясы»ЖШС.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар