Чемпионат 2016 жылдан бері жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оған ауыл балалары, аула командалары, жеке роботтехника мектептерінің, мамандандырылған лицейлердің оқушылары қатысты.
– Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық шығармашылықты кеңінен насихаттау және балалар мен жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру. Сонымен қатар біз инженерия саласындағы өзекті мәселелерді шешуде және заманауи технологиямен жұмыс жасауда алған білімімізді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береміз. Біз информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттырумен де айналысамыз, себебі роботтехниканы оқытуда басты жауапкершілік сол кісілерге жүктелген.Жасыратыны жоқ, Қазақстан инженерлік-техникалық кадрларға мұқтаж. Сондықтан мұндай байқаулар елімізді жоғары білікті ғылыми-техникалық кадрлардың жаңа легімен қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдіміз, – дейді ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысымен жүлделі I орынға «Aqbobek International School»-дың оқушысы Алпамыс Саржігітов лайық деп танылды. Атырау қаласындағы «LoopFinder» мектебінің оқушысы Парасат Сакишевке II орын бұйырды. Үздік үштікті Атырау облысындағы №19 мектеп-гимназияның оқушысы Бекжан Көмеков түйіндеді. Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сыйақы табысталды.
Айжан ӨЗБЕКОВА