Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қатардағы сарбаз көлік ұрлығын алдын алды

Қатардағы сарбаз көлік ұрлығын алдын алды
Ашық дереккөз
5513 әскери бөлімінің көлік-өткізу пунктінде кезекшілікте тұрған сарбаз Мақсат Әлиев көлік ұрлығына қатысты қылмыстың алдын алуға көмектесті, деп хабарлайды arainfo.kz

Оқиға кеше түс ауған кезде болған.

5513 әскери бөлімінің көлік-өткізу пунктінде кезекшілікте тұрған сарбаз Мақсат Әлиев көлік ұрлығына қатысты қылмыстың алдын алуға көмектесті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

 Сарбаз белгісіз біреудіңТөле би көшесі бойында орналасқан көлік тұрағындағы көліктерді айналсоқтап жүргенін байқаған. Кейінірек, азаматтың көліктің есігін белгісіз жолмен ашып, оталдырмақ болған. Осылайша, болған жайтты кезекші ефрейтор Қуаныш Кенжебаевқа баяндап, «102»-ге хабарлаған. Бұдан кейін олар құр тұрмай, айлакердің арам ойын іске асыруына тосқауыл болған. 

 «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігінің есігін ашып, оталдырмақ ниетте көліктің құжаттар мен кілтін іздеп жатқан. Белгісіз азаматтың бөтен ниетін іске асыруға жол бермей, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне табысталды. Белгісіз азаматтың аты-жөнін анықтау, болған оқиғаны ары қарай тергеп-тексеру үшін полиция учаскесіне жеткізілді,-деді 5513 әскери бөліміндегілер.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар