Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Медициналық қызмет сапасын арттыруға мән беріледі

Медициналық қызмет сапасын арттыруға мән беріледі
Ашық дереккөз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде облыс әкімдерінің, денсаулық сақтау басқармаларының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында денсаулық сақтау саласының 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Жиында онкология қызметін жақсарту, медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша жоспарды жүзеге асыру шаралары, сонымен қатар медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің білімін бағалау мен оқытудың жаңа тәсілдері қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер ұсынатын, халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануына бағытталған шолу таныстырылды.Одан бөлек Денсаулық сақтау министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының отыздан астам индикаторының орындалу нәтижелері талқыланды. Министр тарапынан шұғыл госпитализация өсімі мен медициналық статистика құру әдістеріне талдау жүргізу, халықтың денсаулығын сақтаудағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Профилактиканың жеткіліксіздігі, ақпараттық жүйелерді біріктірудегі кедергілер және кадр тапшылығы сынды онкологиялық қызмет жұмысындағы мәселелер де ашық айтылды.Аталған кемшіліктерді жою мақсатында онкологиялық қызметті жетілдіру бойынша 2024-2027 жылдарға арналған жол картасы әзірленгені, ендігі кезекте ұйымдастырушылық үдерістерді жаңғырту және қаржыны тиімді жұмсау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатыны баяндалды.Сонымен қатар кадр тапшылығы мәселесін шешуге және медициналық жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыруға арналған жаңа бастамалар ұсынылды. Түлектерді бөлгенде жергілікті атқарушы органдар қажеттілігі мен кадрлық ресурстар болжамы ескеріледі. Бүкіл резидентура үдерісін үйлестіру үшін сандық платформа құрылады.

Отырыс қорытындысында кешенді жоспар шеңберінде медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра беру тапсырылды. Жылдың соңына дейін анағұрлым проблемалы 30 медициналық ұйымды бақылау және қолдауға ерекше көңіл бөлінетін болады.Министрлік денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және саланың барлық қызметкерлеріне озық еңбек жағдайын жасау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді. Медициналық мекемелермен, өңірлермен жұмысты үйлестіруге және оларды қолдауға ерекше көңіл бөлінетін болады. Денсаулық сақтау министрі отырыстың барлық қатысушыларын ортақ мақсатқа жетуде және азаматтарға арналған медициналық қызмет сапасын арттыруда күш біріктіре жұмыс істеуге шақырды. 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар