Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Комплаенс офицері – қоғам сақшысы

Комплаенс офицері – қоғам сақшысы
Ашық дереккөз
Комплаенс (ағылшын тілінен compliance-сәйкестік, етістіктен шыққан to comply-сәйкес болу) – сөзбе-сөз сәйкестікті білдіреді, яғни сұрау немесе нұсқау бойынша әрекет ету.

Комплаенс ұғымы Орталық Азия мен Кавказ елдерінде 2000 жылдардың басында пайда болды, ең алдымен банктер тәуекелдерді басқаруға қызығушылық танытты. Біраз уақыттан кейін сәйкестіктің болуы басқа секторлардағы компаниялар үшін де қажеттілікке айналды.

2020 жылдың 06 қазанында Қазақстан Президенті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтерін құру саласындағы түзетулерге назар аударылды.

2020 жылдың 17 қазанынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының (бұдан әрі-заң) 16-бабының 3-тармағына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде нормативті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаен – қызметтің негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңдармен Ережелерді іске асыру тиімділігін арттыру үшін, Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында арнайы комплаенс офицері маманы бар.

КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:

кәсіпорын және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ:

кәсіпорын және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;

кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның сенім телефоны: +7 (726) 253 2770

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының

«Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы»

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар