Мектептер мен балабақшаларда балалардың қауіпсіздігіне қатысты талап күшейтілді
- author AR-AY
- 6 тамыз, 2024
- 450
Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Бүгінде Қазақстанда 7859 мектеп бар, онда 3,9 млн бала білім алады. Үшауысымды мектептер мен оқушы орнының жетіспеушілігін жою мақсатында биылғы жылы 302 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Осы тамыз айында жаңа оқу жылы басталғанға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша алғашқы 20 нысан пайдалануға беріледі.
Балаларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында 280 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүргізілуде. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен нысандар қайта қалпына келтірілуде.
Сонымен қатар 1731 мектепке Starlink жерсеріктік интернеті қондырылды, ал шекара маңындағы 137 мектепте терминалдарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Мемлекеттің басым міндеті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау болып қала береді. Өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі талаптар күшейтілді. Алғашқы рет білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша жарақтандыру қамтамасыз етілді», - деп атап өтті министр.
Заманауи 1000 пәндік кабинетпен жарақтандыру, 1000 ауыл мектебін 7 бағыт бойынша жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, биылғы жылы робототехника, химия, биология, физика және STEM-зертхана бойынша 1383 кабинет сатып алу жоспарланған.
1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2025
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




