Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жүздеген жамбылдық Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты Алматы әуежайынан күтіп алды

Жүздеген жамбылдық Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты Алматы әуежайынан күтіп алды
Автордан
Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды, деп хабарлайды arainfo.kz

Жүздеген жанкүйерлер Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты  Алматы әуежайынан күтіп алды

ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарында ел мерейін асқақтатқан спортшыларды  жүздеген  жанкүйерлері Халықаралық Алматы әуежайынан күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.

Әуежайға спорт саңлағының ата-анасы, туған-туыстары, бір топ жамбылдықтар келді, оның ішінде спорт ардагерлері, спортшылар мен бапкерлер, белсенді жастар бар.

Олар зор қуаныш, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен жиналды. 

Өз кезегінде Елдос Сметов қолдау көрсетіп, ыстық ықылас танытқан барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді. 

Естеріңізге салсақ, Елдос Сметов Париж (Франция) қаласында өтіп жатқан  төртжылдықтың басты додасында жеңіс тұғырынан көрініп, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанды.

Ал,  66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік қола медальмен қуантқан еді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар