Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ең жас қатысушы

Ең жас қатысушы
Ашық дереккөз
Франция астанасы Париж қаласында жалауы желбіреген XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан ең жас спортшы – қытайлық Чжэн Хаохао.

Чжэннің жасы бар болғаны он бірде. Оқушы қыз төртжылдықтың басты бәсекесінде скейтборд спортынан сынға түседі. Ал Олимпиада тарихындағы ең жас чемпион – америкалық Марджори Гестринг. Ол 1936 жылы Берлинде өткен жазғы ойындарда суға секіру сайысында қарсыластарын шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Жеңіске жеткен кезде Марджори 13 жастан 268 күн асқан еді.Ал биылғы бәсекеде ел намысын қорғайтын ең жас спортшы – 17 жасар Батырхан Төлеуғали. 

Талғат Нұрханов

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар