Дзюдодан Париж Олимпидасының чемпионы Диёра Келдиёрова өзбекстандықтардан қарсыласы Ута Абэге қатысты жағымсыз пікір жазбауын сұрап, барлығына құрмет көрсетуге шақырды.
«Мен көрермендерден бәріне жоғары құрмет көрсетуін сұраймын. Спорт – бізді біріктіретін күш! Біз басымызды дзюдо қосқан отбасымыз. Сондықтан жағымсыз пікір жазуды тоқтатуларыңызды өтінемін. Менің ойымша, дзюдо үйрететін ең маңызды қағида – ол құрмет», – деп жазды Д.Келдиёрова «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, 5 жыл ішінде жеңіліп көрмеген жапониялық дзюдошыны Диёра Келдиёрова 1/8 финалда айқын басымдықпен жеңген болатын.
Талғат Нұрханов
Келесі мақала