Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Белгілі кәсіпкерлер Әбибаға арнайы сыйақы бермек

Белгілі кәсіпкерлер Әбибаға арнайы сыйақы бермек
Ашық дереккөз
Танымал кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбиба Әбужақыноваға стипендия беретінін мәлім етті.

«Токио Олимпиада­сында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен стипендия иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж Олимпиада­сында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар?» – деп жазды Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары кәсіпкердің ұсынысын қолдап, Әбибаның жабырқаған көңіліне демеу болатындарын жеткізді.Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров та «Instagram» желісіндегі парақшасында Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін жазды. 

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек!» – деді Айдарбек Қожаназаров.

Талғат Нұрханов

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Елдос ел үмітін ақтады
Алдыңғы мақала
Елдос ел үмітін ақтады

Ұқсас жаңалықтар