Жиында күн тәртібіне сәйкес әуелі қала әкімдігі қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Қалмаханбетова биыл қаңтар-шілде айларындағы Тараз қаласы бюджетінің болжамды орындалуы туралы баяндады.А.Қалмаханбетованың айтуынша, биыл 1 тамызда шаһар бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 103,1 пайыз, есепті кезеңге жоспар 39 284,1 миллион теңге болса, орындалуы 40 483,1 миллион теңге немесе 1 199,1 миллион теңгеге артық болады деп болжануда.
Оның ішінде өзіндік кірістер 116,6 пайызды құрайды. Есепті кезеңге жоспар 22 280,9 миллион теңге, орындалуы 25 979,7 миллион теңге немесе 3 698,8 миллион теңгеге артық орындалуы көзделуде.Сондай-ақ, жиында қала әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев аумақтық округтерде туындаған коммуналдық және санитарлық тазалық мәселелер туралы баяндады.
Айта кету керек, есепті мерзімде шаһардың 11 аумақтық округінен 21 мәселе ұсынылған. Олардың бүгінге дейін 10-ы толығымен орындалған.Кеңес барысында бұдан бөлек биыл қаңтар-маусым айларындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 7 айдың болжамды көрсеткіштері, жұмыспен қамту шаралары, Жастар күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары, білім мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары, мәселелері қаралды.Басқосу соңында Қайрат Әбілханұлы әрбір мәселе бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Тараз қаласының әкімдігінің медиа орталығы