Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні құрықтады

Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні құрықтады
polisia.kz
Таразда полицейлер есірткі жасырып кетушіні құрықтады, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап

Жамбыл облысында полицейлер есірткіні жасырып кетумен айналысқан ер адамның “жұмысын” тоқтатты. 20 жастағы күдікті салмағы 10,47 грамм болатын ірі көлемдегі альфа-PVP психотроптық есірткі заттарымен ұсталды. Бұл 35 бір реттік дозаны құрайды. Құрықтау кезінде одан салмағы 4,6 грамм болатын синтетикалық есірткінің 10 бумасы табылды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ас үйден және қоқыс салынған жәшіктен альфа-PVP психотроптық заты оралған zip-пакеттер табылды. Жауап алу барысында ұсталған адам есірткіні қалдырған мекенжайларды көрсетті. Сонымен 12 жасырын орыннан 5,69 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ол Telegram мессенджеріндегі жетекшісінің нұсқаулары бойынша есірткі салынған бумаларды суретте көрсетілген орындарға барып алып отырған. Полицейлер қылмыстық әрекетке қатысы бар болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтау шараларын жүргізуде.

– Есірткі бизнесі саласына күдікті 2 апта бұрын келген екен. Өзінің қаржылық мәселелерін шешу үшін ол психотроптық заттарды тікелей байланыссыз өткізуді ұйымдастырған. Бір реттік жұмыс үшін оған 1200 теңге төленген. Қазіргі таңда есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар