Заң
Ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
- author AR-AY
- 22 шілде, 2024
- 449
Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап
Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.
Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.
Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.
Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Келесі мақала
Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Тараз қаласында «Заң мен тәртіп — қоғам тірегі» тақырыбында конференция өтті
- авторAR-AY
- 28 қаңтар, 2026




