Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Туризм және спорт министрлігі
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Пара жеңіл атлетика: Қазақстан спортшысы Салтанат Әбілхасымқызы пара жеңіл атлетикадан Париж Паралимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ол Т35 санатында 100 метрге жүгіру бағдарламасында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Паралимпиаданың 22 лицензиясы бар.

Тоғызқұмалақ: Чехияның Пардубице қаласында өткен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогінде жерлестеріміз 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Жарысқа 14 елден спортшы қатысты.

Үстел теннисі: Иракта ұйымдастырылған үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде отандасымыз Сарвиноз Миркадирова алтын жүлде жеңіп алды. Ол финалда үндістандық Таниша Котечадан 3:1 есебімен басым түсті.

Күрес: Таиландтың Сирача қаласында өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары 2 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар