Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мұқтаж жандар мемлекет қамқорлығында

Мұқтаж жандар мемлекет қамқорлығында
Ашық дереккөз
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі» тақырыбында брифинг өтті. Спикер ретінде Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрбек Молдағазы шақырылды.

Қазіргі таңда мемлекеттік қордан пәтер алу кезегінде 22 209 азамат тұр екен. Оның ішінде І, ІІ топтағы мүгедектігі бар 2 047 азамат болса, ал мүгедектігі бар бала асыраушы отбасының саны 1 005-ті құрайды.

– Мекеменің көрсетілетін мемлекеттік қызмет талабына сай өткен жылы І, ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардан түскен 246 өтініш қаралып, 165-і кезекке тұрды. Биыл І,ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың 128 өтініші қаралды, – дейді спикер Нұрбек Молдағазы.


Сондай-ақ өткен жылы мемлекеттік қордан пайдалануға 68 пәтер беріліпті. Оның 13 пәтері І,ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 1 пәтер мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы отбасыға ұсынылған. Биыл 108 пәтер пайдалануға берілген. Айта кету керек, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы отбасылар «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы қосымша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үйге ие бола алады.

Аяулым Жаманқара

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар