Кездесу барысында Тараз қалалық ПБ 2-полиция бөлімінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша есеп тыңдалды. Ведомстволық бағынысты аумақта қылмыс 29%-ға азайып, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеген.
Жиында департамент бастығы маңызды мәселелерге назар аударып, бөлімнің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, жаяу патрульдердің тығыздығын, қоғамдық көмекшілердің санын арттыру, табиғи өрттердің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды.
– Сіздер азаматтардың өтініштеріне қалай қарайсыздар, полицияға деген сондай көзқарас қалыптасады. Мұның бәрі әрбір жеке қызметкердің жауапкершілігіне байланысты. Учаскелік полиция инспекторы халықпен тығыз жұмыс жасайтын маман. Есепте тұрған тұлғаларды мекенжайлары бойынша тексеру және жергілікті орындарда бақылауды күшейту үшін оларды өздеріне тән емес міндеттерден босату керек, - деді Арманбек Хакимбекұлы өз сөзінде.
Тағы бір маңызды бағыт – тергеу жұмысының тиімділігін арттыру. Бұл тұрғыда Арманбек Баймурзин тұрғындардың қылмыстық істерді сапасыз тергеуге жиі шағымданатынын және қолданыстағы тәжірибеге өзгерістер енгізу қажет екенін нақты атап өтті.
Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024