Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстан мен Оңтүстік Корея мәдениеттерінің тарихи сабақтастығы мен өзара байланысын нығайту. Сондай-ақ тілдерді дамыту және жастар арасындағы өзара түсіністік пен ізгі ниет, достықты ілгерілету.The Pacific Asia Society PAS (Тынық мұхиты Азия қоғамы) – 1994 жылы шілде айында құрылған жеке «Сыртқы істер министрлігінде» тіркелген коммерциялық емес ұйым және кореялық университет студенттерінен тұратын «Шетелдегі қысқамерзімді еріктілер қауымдастығы» ретінде танылған.1997 жылдан бері «Сыртқы істер министрлігі», «Білім министрлігі», «Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA)» және «Корея Республикасының ұлттық университеттерінің» қолдауымен WFK PAS Жастар қауымдастығы еріктілерін Орталық Азия және Африка елдеріне жіберді.
Осы орайда Оңтүстік Корея Республикасынан Қазақстанға 22 ерікті келді.Жазғы лагерь барысында «Кәріс тілі», «Кәріс мәдениеті», «Қазақ тілі», «Қазақ мәдениеті» және «Орыс тілі» секілді сабақтар өткізілді. Жергілікті тұрғындар мен студенттер арасында әртүрлі сабақтан тыс іс-шаралар мен Кореядан келген еріктілерге арнап Тараз және Алматы қалаларына шағын тур ұйымдастырылды.Аталмыш қауымдастықтың қолдауымен ұйымдастырылған мәдени шара екі ел арасындағы білім және мәдениет алмасу арқылы дамуға ықпал ететін маңызды мүмкіндік.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік
университетінің
баспасөз қызметі