Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесі қала бойынша мансаптық орталық филиалының берген мәліметі бойынша, жыл басынан 5 шілдеге дейін 10 368 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына 5 418 азамат жіберілген.Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде электронды еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындарының халықтың жұмыспен қамтылуына тигізіп жатқан септігі мол. Биыл жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында электронды еңбек биржасына енгізілетін жұмыс орындарының жоспары 805 орын болып бекітілген екен. Оның ішінде 659-ы тұрақты, 146-сы уақытша жұмыс орны. Бүгінгі таңда 421 адам жұмысқа тұрып, жоспар 53,3 пайызға орындалған.
– Тараз қаласы бойынша биыл жұмыс берушілердің сұранысы негізінде жұмыссыздарды қысқамерзімді оқытуға 225 азамат және жұмыс орнында оқытуға 65 азаматты жіберу жоспары бекітілді. Аталған жоспарды орындау ақпан айынан бастау алды. Бүгінгі таңда 63 жұмыссыз азамат оқуға жолданды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 867 тұрғынды оқыту курсынан өткізу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге 771 азамат оқуға жолданып, оның ішінде 486 адам оқуды аяқтаса, 79 тараздық жеке кәсіп ашты. «Enbek.kz» платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн оқытуға 658 адамды жіберу көзделген еді. Десе де меже артығымен орындалып, яғни бүгінгі таңда 777 адам онлайн оқуға жолданып, 711 адам қолына сертификат алды. Сонымен қатар қайтарымсыз грантқа осы жылға бекітілген жоспар саны 180 адамды құрады.
Бұл межені орындау барысы 2 лектен тұрады. Бірінші лек 20-31 мамыр аралығында бастау алып, 421-ден аса тұрғын онлайн құжаттарын тапсырды. Төртінші маусымнан бастап бірінші лектің қатысушылары бизнес жоспарларын комиссия мүшелері алдында қорғап шықты. Нәтижесінде 90 адамға мемлекеттік грант тағайындалды. Биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық шағын несиені 108 өренге беруді көздеп отырмыз, – деді Тараз қалалық мансап орталығының директоры Сәбит Мүсірепов.
Биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 675 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған екен. Бұл шаруа да рет-ретімен жүзеге асуда. Осы жылдың қаңтар айында 285 түлек жалақыны толығымен субсидиялау шартымен «Жастар тәжірибесінен» өтуге жіберіліпті. Оның ішінде 64-і өз жұмысын аяқтады. 46 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.Сонымен қатар осы жылы «Алғашқы жұмыс орындарына» 140 жұмыссызды жіберу жоспарланса, қазірге дейін 56 жұмыссыз азамат жолданыпты. «Алғашқы жұмыс орындарына» жолданған жұмыссыз азаматтар 18 ай жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды орналастыру жоспарланған.
Бүгінгі күнге 35 жұмыссыз адам еңбекке араласты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 430 жұмыссыз азаматты орналастыру көзделсе, есепті мерзімде 1 906 азамат жұмысқа тұрып, меже артығымен орындалды. Оның ішінде 257-сі жұмысын аяқтап, 181-і тұрақты жұмысқа орналастырылады. «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 7 жас жұмыспен қамтылу керек болған. Әзірге 5 азаматқа жұмыс табылған. «Күміс жас» жобасына 303 адамды жолдау жоспарланып, бүгінгі күнге 365 адамға жұмыс тауып беріліп, оның 17-сі бойынша жұмыстың аяқталу мерзімі жетсе, алтауы тұрақты жұмысқа орналасты.
Жалпы атаулы әлеуметтік көмек алу ісі тиісті азаматтарға шартсыз және шартты түрде көрсетілетіні белгілі. Шартсыз көмек алушылар – бұл еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жоқ отбасылар. Шартты көмекті еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар алады. Шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін алдымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы бойынша міндеттемелері көрсетіледі.Анығын айтқанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетінен I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, күндізгі оқу бөлімінің оқушылары, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттар босатылады. Сондай-ақ үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, I немесе
II топтағы мүгедектігі бар балаға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдарға, тұрақты жұмысы бар тұрғындарға және екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар азаматтарға бұл міндетті емес. Облыс аумағында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 27 661 адамға 1 349,4 миллион теңге қаржы қаралған. Жыл басынан бері оның ішінен 1 054 адам жұмысқа тартылған.
– Биылғы наурыз айының соңында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылынан келген делегаттармен бірлесе ауылдарды араладық. Осылайша тұрғындар арасында ерікті түрде солтүстікке қоныс аударғысы келетіндерге жәрдемдесу, жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Ізденушілермен жұмыс жасау» және «Жұмыс берушілермен байланыс жасау» бөлімінің қызметкерлері «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама» аясында халық көп шоғырланатын түрлі сауда орталықтары мен базарларда айына 2 реттен жұмыссыз азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру шараларын ұйымдастыруда.
Облыс әкімдігінің 2023 жылғы «2024 жылға жекелеген санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысындағы «2024 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру» міндеттемесін орындау үшін жұмыс берушілердің келісімімен 17 бос жұмыс орнына квота белгіленді.Есепті кезеңге 5 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл тұрғыда облыс әкімдігінің «2024 жылға жекелеген санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысындағы 2024 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру межесін орындау үшін 10 жұмыс берушінің келісімімен 15 бос жұмыс орнына квота белгіленді. Қазіргі таңда осы квотамен 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты, – дейді Сәбит Мейірханұлы.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау бойынша осы жылға 9 азаматты еңбекке тарту жоспарланыпты. Бұл бойынша да бүгінгі күнге 9 мүгедектігі бар азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 100 пайызға орындалып отыр.Жалпы жұмыс жасауға ниетті және жұмыс орнынан босаған азаматтар Тараз қалалық мансап орталығына жиі келеді. Орталық мамандары оларды тіркеуге алып, жұмысқа орналастыру, кәсіптік негізде оқыту курсынан өткізу, мамандық игерту, қайтарымсыз қаржы немесе жеңілдетілген пайызбен несие алу арқылы кәсіп ашуына жағдай жасау мақсатында өз қызметтерін ұсынуда.
Аялуым Жаманқара
«Көп олқылық әлеуметтік желі арқылы да шешімін табуда»
Ұқсас жаңалықтар
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024