Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды

Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлады. Облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев кітапхана басшыларына Президенттің тартуын табыс етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлады. Облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев кітапхана басшыларына Президенттің тартуын табыс етті.Президент мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның  126 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданының Луговой стансасына, қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың  103 жылдығы аясында Қордай ауданының Әлжан ана ауылына және композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданының Ойтал ауылына сый кітаптар жіберді.

Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай ақын, сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдық мерейтойы аясында Талас ауданының Ойық ауылына және журналист, жазушы Қарауылбек Қазиевтің  85 жылдығына орай Шу ауданының  Көктөбе ауылына кітаптар жолдады.Аталған 5 ауылдық кітапханаға қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітаптан сыйға тартылды.Айта кетейік, акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар