Жаңалықтар
Жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен
- author AR-AY
- 11 шілде, 2024
- 166
ТЖМ мәліметінше биыл 102 бала ашық терезелерден құлап зардап шекті, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеп, жазатайым оқиғалар көп орын алады.
Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе қаза болады. Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабар түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен жылы елімізде осындай 170 оқиға тіркелген. Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі ата-аналарға абай болуын және қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін еске салады.
Келесі мақала