Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының төрағасы Елнұр Бейсембаев Президент қол қойған ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа заңға қатысты пікірін білдірді.
Заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындардың кез келген қызметі – букмекерлік кеңселер, казинолар және онлайн казинолар шектелетін болады. Осылайша, жалпы саны 280 мыңға жуық адамды құрайтын әскери қызметкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға қатыса алмайды. Заңды бұзған жағдайда оларды жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады. Кейбір мектеп бұхалтерлері, мемлекеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға кіріп, қарызға батқандықтан, мемлекеттің дүниесін сатып, бәс тігіп жатады. Сондай-ақ заңмен құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі де қарастырылған. Осылайша, медициналық құпияны сақтай отырып, құмар ойындарға тәуелді адамдарға консультативтік бақылау динамикалық тіркеусіз енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, AFM дерегінше, бүгінде 200 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар құмар ойындарын ойнайды. Бұл жасөспірімдер энергетикалық сусындарға мас күйінде бәс тігулері мүмкін, - дейді Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының төрағасы.
Сонымен қатар «АМАNАТ» фракциясының төрағасы көшеде тек классикалық лотереяларды сататын нүктелер қалатынын айтты.
Суару жүйелерін цифрландыру мәселесі талқыланды
Ұқсас жаңалықтар
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024