«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талас өзенінің жағалауы қоқыстардан тазартылды
- author AR-AY
- 10 шілде, 2024
- 250
Бүгін акция аясында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бастауын Талас өзенінің жағалауын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, волонтерлар тартылды. «Жастар Таза Қазақстан үшін!» экологиялық акциясына 200-ден астам жастар жағалаудағы шашылып жатқан пластик қалдықтарды жинап, 400 қап қоқысты арнайы орынға апарып төкті.
Акцияның мақсаты - тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
«Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды акция өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз», – деді ерікті жас Е.Мелдебек.