Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

350 ит пен мысық ауланды

350 ит пен мысық ауланды
Ашық дереккөз
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Тұрар Рысқұлов ауданындағы ветеринариядағы эпизоотиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Оған спикер ретінде Т.Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімінің басшысы Ғабидин Әшімбеков қатысты.

Ветеринариялық бөлімнің негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау, вакцинациялау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Спикердің айтуынша, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. 

– Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына байланысты 3 512 566 вакцинация, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жыл басынан бері 1 683 349 вакцинация жүргізілді. Сондай-ақ сарып ауруын анықтау мақсатында, 434 419 ауылшаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 23 малдан сарыптың белгілері анықталып, ауру жануарлар «ИП Рамазан» мал сою пунктіне өткізілді және қайта өңдеуге жіберілді, – деді спикер. 


Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында ауданда ит аулау жұмыстары жүргізілуде. «iKomek109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімдіктерінен келіп түскен өтініштерге байланысты бүгінгі таңда 350 жабайы қаңғыбас ит-мысық ауланды.

– Аудан аумағында әзірге қаңғыбас ит мен мысықты уақытша күтіп-ұстауға арналған питомник жоқ. Бірақ биыл салу жоспарда бар, – дейді Ғабиден Әшімбеков. 
Айта кету керек, аудан көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Аяулым Жаманқара
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар