Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жетібайда жаңа амбулатория

Жетібайда жаңа амбулатория
Ашық дереккөз
Мерекелік тартулар тізбегі мұнымен толастамайды. Мереке қарсаңында Байзақ ауданының Жалғызтөбе ауылдық округіндегі, Жетібай ауылында дәрігерлік амбулатория ел игілігіне беріліп отыр. Сонымен қатар Сарысу аудандық орталық ауруханасының аумағынан оңалту орталығы есігін айқара ашты. Ал Қаратау қаласының Б.Момышұлы көшесінде «Ақжелкен» бассейні іске қосылуда.

Бұдан бөлек  әр ауданда «Жасай бер, жайна, Астана!» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылатын болады. 5 шілде күні Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Астана күні мерекесіне орай «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде облыстық «Qoloner-Taraz» қоғамдық  бірлестігінің «Өнерліге өріс кең» атты қолөнершілер көрмесі өтеді. Ал 6 шілде күні ҚР Тұңғыш Президент саябағында «Еңселі елордам» атты концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылады.   

Эльмира Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар