Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Екі жақты байланыс жаңа деңгейге көтеріледі

Екі жақты байланыс жаңа деңгейге көтеріледі
Ашық дереккөз
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, одан әрі дамуына жол ашпақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан экономикасына құйылған Қытай инвестициясының көлемі 16 пайызға өсіп, 1,8 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Бұл көрсеткішті ұлғайтуға екі тарап та мүдделі.Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, екі ел арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық та нығайып келеді. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр.Сонымен қатар сапар аясында партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық бірқатар құжатқа қол қойылды.Бұл келісімшарттар еліміздің қарқынды дамуына зор үлес қосары анық.

Бүгінге аспан асты елінің ғылымы қарыштап дамуда. Екі елдің ынтымақтастығы мен достығын ары қарай нығайтып, бәсекеге қабілетті, әлемдік сұранысқа ие, сапалы мамандар дайындалып жатса, бұл біздің ел үшін пайдалы болары сөзсіз.Ал кеше Астана қаласында өткен ШЫҰ Саммиті әлем елдерін біріктірумен қатар, отандық кәсіпорындардың да жаңа деңгейге көтерілуіне түрткі болды. Мәселен, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бүгінде бизнес пен халық үшін электронды сауданы дамытуға баса мән беріп отырғаны белгілі. Осы ретте «Қазпошта» АҚ-ның саммит барысында «YTO Express Co. Ltd.» компаниясымен еліміздегі электронды коммерцияны дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруға уағдаласуы – еліміз үшін үлкен жетістіктің бірі. 

Бұл жоба жүзеге асса, Қазақстанға тікелей тауар жеткізу жеңілдейді. Сонымен қатар «YM TRANS POST LIMITED» компаниясымен де өзара ынтымақтастық орнату туралы келісімге келгенін атап өтуге болады. Осы келісім алдағы уақытта көлемі 36 мың шаршы метр болатын мульти-модульді қойма салуға негіз болмақ. Бұл жерде ұшақпен, көлікпен, пойызбен жеткізілген әртүрлі тауарлар сақталып, сұрыпталатын көрінеді. Енді Қытайда жасалған кез келген ірілі-ұсақты тауар Қазақстан арқылы өзге елдерге жөнелтілмек. Қазақ елінің осы арқылы табысқа кенелер күні алда деп есептеймін.

Бақыт ӘЛМҰРАТОВ, 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, магистр,

«TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығының төрағасы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар