Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Журналистер жарыс жолында

Журналистер жарыс жолында
Ашық дереккөз
Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Осыған орай өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – жылына бір келетін кәсіби мереке қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін Шерхан Мұртаза атындағы спартакиада. Осы жолы спартакияданың жалауы «Тараз Арена» спорт кешенінде желбіреді.

Сайысқа аймақтық басылымдар мен телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері спорттың алты түрі бойынша өзара бақ сынады.Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбек сөз сөйлеп, сала мамандарын төл мерекесімен құттықтады.– Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті.

Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер.Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер. Ақпарат саласын дамытуға мемлекет тарапынан қашанда ерекше көңіл бөлінеді. Өз кәсібінің майталманы болған қарымды журналистерге қолдау көрсетіледі. Жыл сайын дәстүрлі түрде БАҚ өкілдері арасында өткізілетін облыстық спартакиада соның бір көрінісі, – деді аталған басқарма басшысы.

Спартакиада ә дегеннен тартысты өрбіді. Доданың алғашқы кезеңі арқан тартыста «Jambyl TV» командасы бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды «Taraz Pressа» командасы еншілесе, үздік үштікті «Ақпарат медиа» командасы түйіндеді.Доданың екінші кезеңінде қаламы қарымды журналистер үстел теннисінен бақ сынады. Ерлер арасында «Салық тәртібі» командасының мүшесі Нарбол Қашаған бірінші орынды жеңіп алды. Сарысу ауданының командасынан Айбек Жұмаділда екінші орынды иеленсе, «Taraz Pressa» командасының өкілі Нұржан Туғанбай үшінші орынды місе тұтты.Ал әйелдер арасында «Taraz Pressa» командасынан Гүлдана Ализа жеңіс тұғырынан көрінсе, «Екінші орын «Jambyl TV» командасының мүшесі Эльвира Әмзееваға бұйырды.

Жастар медиа» командасының намысын қорғаған Шолпан Бөгенбаева үшінші орынға тұрақтады.Үшінші кезең – қол күрестен 77 телеарнасының инженер-қызметкері Әділхан Сайлау бірінші орынға қол жеткізді. Екінші орын «Тaraz Pressa» командасының атынан жарысқа шыққан Серік Тәжібаевтің «Салық тәртібінен» Айдос Абилов қанжығасына байланды.Сонымен қатар әйелдер арасында «Ақпарат медиа» командасының намысқойы Мераш Жолаева топ жарса, «Теле-радио» командасының мүшесі Гүлмира Садықова екінші орынды иеленді. «Салық тәртібі» командасы атынан топқа түскен Гүлдерайым Әлімжанова үшінші орынға жайғасты.

Бір мезгіл қолын қаламнан босатқан журналистер дойбыдан да бақ сынады. Ерлер арасында «Салық тәртібі» команадасынан Сүндетулла Абилов бірінші орынды, «Taraz 24» командасының мүшесі Нұрбол Қыстаубек екінші орынды, «Ақпараттық медиа» командасынан қатысқан «Jambyl-Taraz» газетінің бас редакторы Саятхан Сатылғанов жүлделі үшінші орынды иеленді. Әйелдер арасында «Taraz Pressa» командасы атынан жарысқа қатысқан Ұлдана Жұбай алдына қара салмаса, екінші орын «Ақпарат медиа» командасынан Айдана Қуатоваға бұйырды. Шу ауданыннан келген Меруерт Тоқмолда жерлестеріне үшінші орынды алып берді. 

Дуы басым додада командалық жарыстар да өткізілді. Жүгіру бойынша эстафетадан жүлделі бірінші орын «Taraz pressa» командасына бұйырды. екінші орындға «Салық тәртібі» командасы жайғасса, «Taraz 24» командасы үшінші орынға тұрақтады. Ал байрақты бәсекенің басты додасы саналған кіші футболдан жүлделі бірінші орынды «Jambyl TV» командасы иеленді. Екінші орынға «Салық тәртібі», үшінші орынға «Теле-радио» командасы лайық деп танылды.Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте «Taraz pressa» командасы бірінші орынды жеңіп алды. жүлделі екінші орынға «Салық тәртібі» командасы тұрақтаса, үшінші орын «Jambyl TV» командасының қанжығасына байланды. Спартакиада соңында жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарға ие болып, арнайы ссертификаттармен марапатталды.

Аяулым Жаманқара 


 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар