ҚАЖЕТТІ ӨЗГЕРІС ПЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Жаңа заңды осы кезге дейін қолданыста болған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелерінің жиынтығы деуге де болады. Ал аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды. Дегенмен жаңа заңда бірқатар тың ережелер де қарастырылған. Атап айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернетресурстарды да қамтитын «массмедиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізіліп отыр. Сондайақ заңдағы негізгі ұғымдар қатарына «ақпараттық егемендік» деген де түсінік кіргізіліпті. Яғни бұл – ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруда республика азаматтарының қоғамдықсаяси дербестігін айқындайтын еліміздің ақпараттық кеңістігінің тәуелсіздігі. Бұрынғы заңда да сөз бен шығармашылық, көзқарастар бостандығына Конституция кепілдік беріп, цензураға жол берілмегенімен ақпараттық егемендік туралы түсінік, норма жоқ еді.Сонымен қатар жаңа заңның мүмкіндіктері аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын Бірыңғай медиа платформа құрылмақ. Оның ішінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру, аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы (аккредитация карталарын берудің автоматтандырылған үдерісі) журналистерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тіркеу және басқа да міндеттер қарастырылған.Тағы бір айта кетерлігі, журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. Яғни журналистің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын «журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізіліп отыр. Ал шындыққа сәйкес келмейтін және азаматтардың арнамысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы БАҚқа талап қою мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланған күннен бастап 1 жыл деп белгіленген.Осы заңның жетістіктерінің бірі деп шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу тәртібінің жетілдірілгенін айта кеткен жөн. Ендігі жерде тілшілердің сұратуларын қарау мерзімі 7ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылып отыр. Бұл журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік бермек.Бақтың өз қызметін өзі реттеу мақсатында заңда қоғамдықкәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін. Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу. Гранттық қаржыландыруды енгізу арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері жетілдірілді.
ҚОҒАМДЫҚ ДАУ ТУДЫРҒАН НОРМА
Заңның әу бастағы жобасында журналист құқығын шектейтін нормалардың да болғаны рас. Солардың бірі әрі бастысы – баспасөз картасы. Яғни заң жобасында жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін баспасөз картасын енгізу жөніндегі норма ұсынылған болатын.– Ашығын айту керек, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Жұмыс тобы мүшелерінің басым көпшілігі бұл норманы демократиялық қағидаттарға қайшы, журналистерді алалау, жанжақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады. Сондықтан бұл норма бойынша дер кезінде нақты шешім қабылданып, баспасөз картасы туралы норма жойылды, – дейді Мәжіліс депутаты Ж.Әшімжанов.
Ал сенатор Бибігүл Жексенбай да заңда біршама оң өзгерістер енгізілгенін айтып, әсіресе телеарналардағы қазақтілді контенттің үлесі 60 пайызға дейін ұлғайғанына айрықша тоқталды.– Бұл заң жобасы кезінде Парламент палаталарының күн тәртібінде, өзге де басқосуларда ұзақ талқыланғанын айта кету керек. Біз де қарап отырмай, екі жыл бұрын қоғамдық ұйым ретінде Бас редакторлар клубы атынан біраз ұсынысымызды бергенбіз. Әрине, жұмыс топтарындағы, Мәжілістегі талқылаулар кезінде көптеген ұсыныс өтпей қалды. Дегенмен қабылданған жаңа заңда оң өзгерістер де бар екенін жоққа шығармаймыз. Әсіресе бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отырған қазақтілді және отандық контенттің үлесін 50 пайыздан 60 пайызға дейін арттыру көңіл көншітерлікақ нәтиже. Өз басым бұл үлесті 7080 пайызға дейін ұлғайтуды ұсынғанмын. Менің ойымша, 60 пайыз деген әлі де аз. Бірақ ең бастысы, сең қозғалды. Осылайша біртебірте көтере береміз деген үмітім бар, – дейді сенатор.
Бибігүл Нұрғалиқызы бүгінгі күйіп тұрған контент мәселесіне дәл қазір көңіл бөлмесек, уақыт өте оның үлкен зардабын тартуымыз әбден мүмкін екенін айта кетті.
ЗАҢНЫҢ АТЫ ҒАНА ЕМЕС, ЗАТЫ ДА ӨЗГЕРДІ
Жылға жуық уақыт бойы Парламенттің қос палатасында талқыланған заң жобасын әзірлеу оңайға соқпағаны анық. Осы заң төңірегіндегі болып жатқан тартысқа толы жиын, кеңестер жайлы ақпарат құралдарынан жиі хабар алып отырдық. Мәжіліс мінберінде, комитет отырыстарында, жұмыс тобының жиындарында қарамақайшы пікір, ұстанымдар да аз болмады. Жұмыс тобының жетекшісі болған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов заңның аты ғана емес, заты да өзгергенін алға тартты. Оған қоса енгізілген өзгерістің бірқатарына тоқталды.
– Мәжілісте 110 адамнан құрылған жұмыс тобының жетекшісі ретінде Бақ өкілдері, медиа сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдерімен ортақ алаңда жұмыс тобының 57 отырысын өткізіп, заң жобасына көптеген өзгеріс пен толықтыру енгіздік. Заңның аты ғана емес, заты өзгерді деп айтуға болады.Айрықша атап өтерлігі, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, гранттық қаржыландыру жағы реттелетін болды. Бұл өз кезегінде елдегі медиа кеңістіктегі бәсекелестікті алға сүйреуге тиіс.Сонымен қатар балалар басылымдары мен өңірлік газетжурналдарды қаржылай қолдауға басымдық беріліп отыр. Бұл өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылық тығырықтан шығуына септігін тигізіп, шығармашылық бәсекелесті күшейтуге ықпал етеді.БАҚта жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленгені өз кезегінде жалған ақпарат таратуға тосқауыл қойып, ақпараттың шынайылығына деген талапты күшейтпек.Бақ қызметін өзінөзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде құрылатын қоғамдықкәсіптік кеңес пен қабылданатын журналистердің әдеп кодексін де заңның күшейтілгені деп айта аламыз, – дейді Ж.Әшімжанов.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТПАҚ
Сондайақ жұмыс тобының жетекшісі Ж.Әшімжанов Мәжіліс мінберінде депутаттық корпустың табандап тұрып талқылаған тақырыбы – мемлекеттік тілдегі теле, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін арттыру болғанын атап өтті. Нәтижесінде мемлекеттік тілдің көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін кезеңкезеңімен ұлғайту белгіленіп отыр. Тіпті бұл межені 2025 жылдан бастап 55, 2027 жылдан бастап 60 пайызға жеткізу көзделмек.– Сонымен қатар отандық теле, радио бағдарламалардың және отандық авторлардың/ орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле, радиоарналардағы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға дейін кезеңкезеңімен ұлғайту жағы көзделмек.Қоғамның дертіне айналған, әсіресе жасөспірімдер арасындағы суицид тақыбырына шектеу қойып отырмыз. Ендігіде ақпарат айдынында суицид жасау тәсілдері және суицидке шақыру туралы ақпарат таратуға тыйым салынбақ.Теле, радиоларда рухани кеңістігімізге шетелдік бағдарламалар арқылы сыналап еніп жатқан «вирустардың» алдын алу мақсатында отандық теле, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20дан 10 пайызға дейін азайту белгіленіп отыр.Кейінгі кездері журналистер қауымы түрлі деңгейде қауіпқатерлерге тап болып жатқандығын көз көріп, құлақ естіп жүр. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында аталған заң жобасында журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді.Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруге бағытталған заң жобасында сала қызметінің мақсаттары, қағидаттары мен міндеттер нақты бекітілді, – дейді Ж.Әшімжанов.
Депутат заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық ұйымдар өкілдерімен, елшілермен, журналистермен, депутаттармен де арнайы талқылаулар ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Парламентте комитет төрағасының және жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы жөніндегі ресми өкілі Тереза Риберо ханым бастаған делегациямен де заң жобаларына қатысты келелі кездесу өткен екен. Яғни халықаралық қоғамдастық өкілдері де аталған заң жобасына қатысты өздерінің қолдауларымен қоса, нақты ұсыныстарын да айтқан.
– Парламенттің қоғамдық палатасының Алматы қаласындағы көшпелі отырысында барлық тараптың қатысуымен ашық талқыланды. Салыстырмалы кесте негізгі заң жобасы бойынша – 200, ілеспе заң жобасы бойынша 43 қабылданған позициядан тұрады. Осы орайда жұмыс тобының барлық мүшесіне, қоғам өкілдеріне, журналистер қауымына заң жобаларын талқылауға және жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Өйткені бұл заң жобасы, бірінші кезекте, кәсіби журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне, ақпараттық кеңістіктің ашықтығы мен ықпалын, тиімділігін арттыруға, ақпарат таратуда бәсекелестіктің дұрыс бағытта дамуына, жалпы қоғамдықсаяси өміріміздің тұрақтылығы мен мемлекеттік саясаттың ілгері жылжуына әсер ететіні даусыз. Бұл – Мемлекет басшысының аталған заң жобасын жетілдіру бағытындағы берген тапсырмасының негізгі өзегі, – дейді жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Ж.Әшімжанов.
Осылайша Парламент Мәжілісінің барлық комитетінің оң қорытындыларын алған отандық бұқаралық ақпарат кеңістігіне «массмедиа» және «онлайнплатформалар» деген жаңа терминдердің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының 4 кодексіне және 21 заңына түзетулер енгізілді. Бұдан басқа көптеген жекелеген норма нақтыланып, заң жобасының мазмұнын жақсартатын редакциялық түзетулер де көрініс тапты.
Жасұлан Бақытбекұлы,
журналист