Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда кәріз суын толық тазалау 2028 жылы шешіледі

Таразда кәріз суын толық тазалау 2028 жылы шешіледі
gov.kz
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил мәлім еткен Тараз қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарының құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Тараздағы  ағынды сулардың 200 гектардан астамы егістік алқапта сүзіліп, жерге сіңіп, булану арқылы тазартылады. Сүзгілеу кен орындары тәулігіне 43 мың текше метрге дейін ағынды суды қабылдай алады, бірақ жобалық параметрлерден 70-80 мың текше метр қабылданады. Жергілікті әкімдік бұл түйіткілді мәселенінің он шешімін  2028 жылы табады деп уәде беріп отыр.

«Жаңа кешен құрылысын бастау үшін Еуразиялық даму банкімен келіссөздер жүргізілді және 250 млн теңге грант бөлініп, жобаның техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстарын қаржыландырды. Бұл негіздемені словениялық CECT Consulting компаниясы әзірледі және мемлекеттік сараптамаға өткізді. Енді ЕРС келісімін жасау үшін Еуразиялық даму банкі конкурс өткізеді. Оған халықаралық деңгейдегі құрылыс компаниясы қатысады. Қорыта айтқанда, 2025 жылы құрылысты бастап, 2027 жылы аяқтау керек. Осылайша, 2028 жылдан бастап, шайынды сулар толық тазартылатын мүмкіндік болады», - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары Қ.Исмаил.

Бұған дейін Парламент қабырғасында Тараздағы кәріз суын тазалау қондырғысының болмауы көтерілген еді.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар