Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Ашық дереккөз
Қоғам көшінің алға жылжып, гүлденуі жолында әрбір мамандықтың мән-маңызы жоғары. Ал мемлекеттік саясаттың сапалы жүзеге асып, халықтың сенімін ақтап, ұлт абыройын асыруда мемлекеттік қызметшілердің үлесі жоғары. Өйткені, әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Осыны нақ түсінген маман алдында жоғары міндеттер тұрғандығын түсінеді. Мәселен, елімізде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бастап 4-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді мемлекеттік шығармашылық тапсырыс арқылы үйірмелермен қамту реформасы іске асырылуда. Аталған реформа балалар мен жасөпірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, талаптарын ұштау, эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, шеберліктерін шыңдау, ой-өрісін жан-жақты кеңейтуді мақсат етеді. Он жылға жуық мәдени-көпшілік іс-шаралар бағытында жұмыс істеген мен үшін маңызды реформаның өңірде сапалы жүзеге асуы үшін үлкен жауапкершілік жүгі берілгендігі айқын сезілді. Менің түсінігімдегі мемдекетті қызметші ашықтық принципін ұстанатын, жұмыс барысында өзінің кәсіпқой білімін жақсы қолданып, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтайтын, өзінің міндеттерін адал және сапалы атқаратын маман. Сонымен бірге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтайды. Үнемі іскерлік киім стилін ұстанады. Еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтайды. Аталған қасиеттердің бәрін мемлекеттік қызметші ретінде бойымда қалыптастырғандықтан мемлекеттік қызметтегі кез келген маңызды міндет мен үшін ерекше мәнге ие болып, оң нәтижеге бастайтынын мақтанышпен айта аламын.

Мемлекеттің айнасы айналып, үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген мамандардың еңбегін бағалау да артық етпейді. Осыны ескерген, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылдың наурызында 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған. Бұл тәжірибе Қазақстанға 10 жылдан кейін енгізілді. Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда да Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады. Аталған мереке, жылына бір мәрте мемлекеттік қызметшілердің арқасына қанат бітіріп, мерейін тасытып қоятындығын айрықша атап өткім келеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер үшін маңызы жоғары мерекенің ғұмыры ұзақ болсын дегем келеді. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

 

Еркежан СЕМБАЕВА

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасының бас маманы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар