Қоғам
Қазақстанда жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді
- author AR-AY
- 3 қазан, 2022
- 215
Қазақстанда жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді
Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жеке мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазандағы демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 2022 жылдың 3 қазанына шегерілді. Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағының нормасына сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлемді төлеу мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады", - делінген хабарламада.1 қазанға дейін төлей алмаған азаматтар салық сомасын бүгін төлей алады. Пайыздарды есептеу 2022 жылдың 4 қазанында басталады.