Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тыныштықты күзеткен тәртіп сақшылары

Тыныштықты күзеткен тәртіп сақшылары
Ашық дереккөз
Себебі, қоғамдағы әрбір қозғалыс пен тұрғындардың тыныштығы олардың жіті бақылауында. Ал, түзеу мекемелерінде еңбек етіп, арнайы контингент арасында қауіпті жағдайлардың алдын алатын Қылмыстық-атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің қиындығы мол жұмысы былайғы жұртқа беймәлім. Тиісінше, олар өз міндеттерін дабыра қылмай-ақ мінсіз атқарып үйренген.

Әйтсе де, олардың ерен еңбегін өзгелер білуі тиіс. Әсіресе, тәртіп сақшыларының ұл-қызы ата-аналарының жауапкершілігі зор жұмысты атқарып жүргенін шын сезінулері керек-ақ. Бұл ретте «Менің ата-анам - полицей» атты балалар байқауының ұйымдастырылып келеді. Жалпы, бұл байқауды өткізудегі басты мақсат – тәртіп сақшыларына тәрбиенің отбасынан бастау алатын түсіндіру, олардың балаларымен өзара ынтымақтастығын нығайту әрі олардың ата-анасының еңбегіне құрметін арттыру.

Мақсат БАЕТОВ,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі режим бөлімшесінің бастығы, әділет майоры. 20 жылдан бері осы салада еңбек ететін Мақсат Манатбекұлының бұл күнде 2 қыз, 2 ұлы бар.

Асыл ОРАЗБАЕВ,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі режим бөлімшесінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаулышысы, әділет сержанты. 2 қыз, 3 ұлдың әкесі өткен жылдан бері құқық қорғау саласында қызмет атқарады.

Нұрсұлу КЕНІШБАЕВА,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының  аға инпекторы, әділет капитаны. Нұрсұлу Шынасылқызы бір ұлдың анасы. ҚАЖ саласында 2018 жылдан бері жұмыс істеуде.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар