Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден...»

«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден...»
sputnik.kz
Мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру басталғаннан бері бір мезгілде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын нормативтік-құқықтық реттеуге ерекше назар аударылды, осылайша 1997 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп ережелері» бекітілді

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру мақсатында әдеп қағидалары кодификацияланып, 2005 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бекітілді.

2016 жылдың басынан бастап «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» іске асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі бірінші Президенттік реформаны іске асыруда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясында қызметтік әдеп туралы жеке тарау көзделген және мемлекеттік қызметшілердің қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын айқындайтын, қызметтегі және күнделікті өмірдегі мінез-құлық стандарттарын регламенттейтін Әдеп кодексі жаңа форматқа көшті.

Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Онда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу айқындалған.

Әдеп кодексінің нормалары мемлекеттік қызметшілердің моральдық келбетіне қойылатын ерекше талаптарды көздейді, себебі олар мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады және қоғам алдында қоғамдық орындарда мінез-құлықтың үлгісі болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру белгілі бір дәрежеде олардың қызметтен тыс уақыттағы, оның ішінде қоғамдық орындардағы мінез-құлқына байланысты екенін мойындау жөн. 

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуге, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің қызметтік жағдайын атап көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен ұштасатын заң талаптарын бұзуға жол бермеуге, және басқа азаматтарды құқыққа қайшы, қоғамға жат әрекеттер жасауға тартпауға міндетті.

Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олардың тиісті моральдық-адамгершілік келбетін қалыптастыру бойынша жұмыс ерекше назар аударуды және ресми көзқарасқа жол бермеуді талап етеді.

Осылайша, жас мамандарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеген алғашқы күндерінен бастап азаматтармен және жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылықты, дұрыстықты, қарапайымдылықты, сөйлеу мінез-құлқы мәдениетін сақтау қажеттілігіне сенім артылады.

Әдеп кодексі жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа жақтарын да қамтиды. Мысалы, Кодексте мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі көзделген.

Жоғарыда аталған Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіре отырып, тұрақты негізде семинар сабақтарын өткізеді.

           

Г.Турдыева,

ҚР Сот әкімшілігінің

Жамбыл облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкіл     

 

 

 

 

 

 

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар