Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ақ желеңді абзал жандар ардақталды

Ақ желеңді абзал жандар ардақталды
Ашық дереккөз
Ы. Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында аймақ басшысы сала мамандарын төл мерекесімен құттықтап, олардың халық денсаулығын жетілдіру бойынша атқарып отырған орасан зор еңбектеріне алғыс айтты,
 – Бұл мереке – адам жанының арашасы саналатын денсаулық сақтау саласы мамандарының ерен еңбегі бағаланатын күн. Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының жанашыры, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең қастерлі мамандықтың иесі.

Бұл – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте салауатты қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше, – деді Ербол Шырақпайұлы.  

Салтанатты шарада өңір халқының денсаулығын арттыру мен сақтау ісіне сіңірген еңбектері үшін медицина саласының бір топ қызметкері марапатталды. Лайықты тұлғаларға «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері,  ҚР Денсаулық сақтау министрінің, облыс әкімінің  Құрмет грамотасы және алғыс хаты салтанатты түрде тапсырылды. Жалпы сала бойынша барлығы 233 адам түрлі марапаттарға ие болды.Мерекелік жиын  ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

Э.Тілеубердіқызы
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар