Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды arainfo.kz
Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде өткен меркелік іс-шараға қатысқан аймақ басшысы ақ халатты абзал жандардың еңбегін жоғары бағалап, табыс тіледі.
Салтанатты іс-шарада облыс басшысы саланың бірқатар қызметкеріне денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальін, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, «Құрмет» гармотасын табыстады. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, 2022 жылы 12 мыңнан астам қызметкердің жалақысы 24 пайызға өскен. Соңғы 3 жылда облысқа 234 жас маман келсе, 8 мыңнан астам жас маман біліктілігін арттырған.
Келесі мақала