Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

24 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне ие болды

24 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне ие болды
Ашық дереккөз
Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен үздік педагогтарды «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың алғы сөзімен басталды. Басқарма басшысы алдымен педагог мәртебесін арттыру бағытында өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

– Облыс бойынша 26 425 педагог қызмет етсе, 48-і «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері. Оның 20-сы ауыл мектебінің ұстазы. Облыс педагогтарымен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде халықаралық, республикалық байқауларда 2023 жылы 81 педагог жеңімпаз атанды. Әрбір мектепте шәкірттерімізге сапалы білім беріп, ұлттық рухты бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелесек, мақсатымызға жететін боламыз. Сіздерге тынымсыз ізденіс, шығармашылық табыс тілеймін! – деді Рауан Нұрғалиұлы. 


Келесі кезекте облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков үздік ұстаздарға жылы лебізін арнады.Сондай-ақ жиын барысында Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, республикалық «Үздік педагог – 2019» байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогі – 2020» байқауының номинанты, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері Айгүл Қалмаханова мен республикалық «Үздік педагог – 2022» байқауының жеңімпазы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Нұрлан Дәулетбаев ұстаздық қызметтегі мол тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестеріне алғысын білдірді. 


Салтанатты іс-шарада облыстың білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен үздік 24 педагог марапатталды. 

Ақжүніс Нақыпжанқызы, 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің 3-курс студенті

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар