Спикердің айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар 5 айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалған. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстары нәтижесінде 8,7 миллион манипуляция жүргізілген. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 46 елді мекенде 6,4 миллион шаршы метр аула мен қора-жай және барлығы 560 мың ауылшаруашылық жануары екі кезең бойынша залалсыздандырылған.
– Жыл басынан бері сарып ауруына тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 1,8 миллион манипуляция орындалып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 285 ауылшаруашылығы жануары (80 – мүйізді ірі қара, 205 – уақ мал) қолданыстағы заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, кезең-кезеңімен қайта өңдеуге жіберілуде. «Жамбыл 109» диспетчерлік орталығына иесіз жануарларды аулау бойынша түскен хабарламаларға сәйкес 11 316 қаңғыбас ит ауланды. Ереже бойынша бүгінгі күнге жануарлардың иелерінің өтініштері негізінде жануарларға электронды паспорт ашылып, ақпараттық жүйемен тіркеу жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда, – деді Олжас Тұрғынұлы.
Аудандық ветеринариялық стансалар толық қызметтік ғимаратпен қамтылған. Сондай-ақ 160 ветеринариялық пункттің бүгінде 139-ы қызметтік ғимаратпен қамтылып, 2024 жылы ветпункттерді аудандық бюджеттер есебінен қамту жоспарланыпты.Сонымен қоса ауылдық округтер аумағында залалсыздандыруға арналған 41 биотермиялық «Беккер» шұңқырлары бар. Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде қосымша шұңқыр жасау жұмыстары қолға алыныпты.
Снежана АЛЬЖЕВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің
2-курс студент