Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Стресс және онымен жұмыс!»

«Стресс және онымен жұмыс!»
Тренинг психологиялық көмек беру мақсатында өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «N58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарынын, сотталғандардың психологиялык көмек алу құқығын іске асыру бөлігіне сәйкес, Республикасы «Қазақстан Қылмыстық-атқару жүйесі ҚАЖ комитетімен мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын жүзеге асыру максатында «Стресс және онымен жұмыс» тақырыбында тренинг және кеңес беру іс-шаралары өтті.
Бекітілген тақырып бойынша «Педагогика және әлеументтік ғылымдар» факультеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасының оқытушылары, психология магистрлері Айгүл Абдрахманова және Құралай Сайлыбаева және N 58 мекеме САТжӘПЖ бөлімінің аға инспектор- психологы әділет майоры Рита Оспаналиева және Салтанат Маделбаевамен бірлесе жұмыс жасау аясында мекемедегі азаматтармен
жүргізілген іс-шара толығымен жүзеге асты.
Іс -шараны жүргізуде мақсат- стресс жайлы түсініктерін толықтыру, жалпы пайдалы және зиянды стресстің айырмашылығы, оған не себеп болуы мүмкін, оған жол бермеу және күресу жолдары туралы мәлімет бере отырып, стресс туралы түсінігін нығайту.

Рита Опаналиева, облыстық қылмыстық атқару жүйесі «N58 мекеме» РММ
САӘПТЖБ-ның аға инспектор-психологы әділет майоры

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар