«Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Қай кезде де қауіптің алдын алып, шұғыл көмек көрсету маңызды. Әсіресе қылмыстық атқару жүйесі мекемелірінде оқыс жағдайлар болып тұратыны жасырын емес.
Сондай сәтте кез-келген мекеме қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын болуы қажет. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінің қызметкерлеріне, қалалық 5-ші емхана қызметкері жедел қол ұшын созудың тәсілдерін үйретті. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарғакөмек көрсете алмай жатады.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа, өмірі қауіпке ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.