Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқыту семинары өтті

Оқыту семинары өтті
«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру» мақсатында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының  тапсырысы аясында Қордай «Дағдарыс орталығында» оқыту семинары өтті.

 Семинарда Адам құқықтары жөніндегі ЖОБ өкілі Б.Байқожаев, «Елу Жалда – Ел жаңа» ҮЕҰ төрайымы Ш.Сүйімқұл және «Дағдарыс орталығының»  директоры Ш.Бейсенбаева қатысты. 
Семинар барысында орталықтың ызмет алушыларына құқықтық, психологиялық және медиативтік көмек көрсетілді. Берікбол Байхожаев әйелдерді қорғау бойынша қабылданған жаңа заңға тоқталып өтті. Сонымен қатар  әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері бойынша кеңестер берілді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» қоғамдағы түрлі жағдайға байланысты зәбір көріп, зомбылыққа ұшыраған жандарға алғашқы көмек ұсынылады. Мұнда қызмет алушыларға ең бірінші 6 ай мерзімге қауіпсіздік үшін бөлмемен қамтылады. Баспанадан бөлек, 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Атап өтетін болсақ, құқықтық, қаржылық, медициналық, еңбектік қызмет түрі және де балаларға педагогикалық, психологиялық, тұрыстық пен мәдени. 
Қиын жағдайға тап болған отбасылармен аудандық дағдарыс орталығының мамандары  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға арналған тренингтер  өткізіп тұрады. Ал бүгінгі семинарда  әйелдер тек отбасы тақырыбында ғана емес өздерінің жеке бастарына қатысты көптеген сауалдарына жауап алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар