Облыс әкімдігі қаржы басқармасының ғимаратына, Абай даңғылы №159 «А» мекенжайында орналасқан тұрғын үйге, облыстық полиция департаменті ғиамаратына, «Астана» ықшамауданындағы тұрғын үйлерге ту қондырылып, жалауымыз көктен желбіреді.
Дәл осы күні қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, барлық кәсіпорындар мен мекемелерде ҚР Мемлекеттік Гимні бір уақытта орындалды.
«Ту барлық үйде» акциясы шеңберінде тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына Мемлекеттік Ту орналастырылды.
Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты «дөңгелек үстел» отырысы, «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты TED-X форматында конференция, жастар және қала тұрғындары арасында «Тәуелсіздік рәміздері» атты арасында сауалнама, «Мемлекеттік рәміздер» атты интеллектуалды сайыс, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» сынды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Э.Тілеубердіқызы