Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Уақыт талабымен үндескен кодекс

Уақыт талабымен үндескен кодекс
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық сот төрелігі жүйесіне ерекше назар аударып, азаматтар, кәсіпкерлер және инвесторлар судьялардың бейтарап, әділ шешім шығаратын сенімге ие болу қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту қажеттігін, жаңа кәсіби білікті кадрларды сот төрелігін жүзеге асыруға тарту ісі тиянақталып, жаңа ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде.Сот төрелігінің халықтың соттарға деген сенімін арттырып, орнықтыру – басты мақсат. Осы мақсатты жүзеге асырудың бір маңызды тетігі – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.Кодекс өз кезегінде әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізу бөліктерінен тұрады.
Әкімшілік әділет жүйесінің басты мақсаты – жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енуіне орай «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының күші жойылды.Кодекстің басты ерекшеліктері мен басымдықтарының бірі – әкімшілік рәсімдер жүргізуде, яғни жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын кеңейту, күшейту екені анық.Әкімшілік сот төрелігі ұлттық заңнамада алғаш рет енгізілуде. Бұл институттың принциптері мүлдем басқа және кодекстің тиімділігін арттырады. Олар – әділдік, мөлшерлестік, әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері, құқықтар басымдығының қағидаты, сенім құқығын қорғау, формальді талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, анықтық презумпциясы, соттың белсенді рөлі, әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі.

Сондықтан жаңадан құрылған мамандандырылған әкімшілік соттарда мұндай санаттағы істер мүлдем басқа критерийлер мен принциптер арқылы қаралады.
Кодекс сот шешімін орындауды бақылау құзыретін жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жүктеген, әрине, бұл осы маңызды саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын күшейтеді.

Ажар НИЯЗБЕК, 
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
 арнайы есепке алу 
жөніндегі комитетінің облыс бойынша 
департаментінің аға прокуроры

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар