Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

“Ашық есік” күні ұйымдастырылды

“Ашық есік” күні ұйымдастырылды
Бүгін 5513 әскери бөлімінде "Ашық есік күні" қоғамдық іс-шарасы өткізілді.

Жиынға Тараз қаласынынң №24, №17, №11 мектеп-гимназияларының 100-ден астам оқушысы шақырылды.

Бөлім қолбасшылығымен әскери бөлім бойынша толыққанды экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында оқушыларға роталардың барлық казармалық бөлмелері, сабақтар өткізуге арналған сыныптар және спорттық бұрыштар көрсетілді, бұл оқушыларға сарбаздардың күнделікті өмірі туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.
Әскери қызметшілер қонақтарға әскери қару-жарақ пен әскери бөлімнің қаруланған жауынгерлік техникасын көрсетті.
Іс-шараға келген мектеп оқушылары әскери қызметшілерге іс-шараға шақырғаны үшін алғыстарын білдірді. "Ашық есік күні" - бұл патриотизм мен жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға арналған маңызды іс-шара.

Салтанат ӘЗІМХАН,

5513 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, лейтенант

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар