Бұған көз жеткізу үшін мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жазбаларға көз жүгіртсе болғаны.
Жалпы, бұл күнде жол құрылысын жүргізетін мекемелер пайдаланып отырған материалдарды зертханалық тексерудің нәтижелері олардың кейбірінің сапасының стандартқа сай емес екені жасырын емес. Мамандар жол құрылысына сапасыз битум, қиыршық тас әкелу дерегін талай рет анықтаған.
Мәселен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының қызметкерлері 5 айдың ішінде 106 нысанға 197 рет 343 сынама алынған. Ал, сынақтан өткен 317 жол-құрылыс материалдарының 66-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі белгілі болған.
- Әлі күнге дейін жол-құрылыс саласында олқылықтар орын алуда. Яғни, жол жабындысының төменгі қабатына төселген асфальт-бетонның қалыңдығы талапқа сəйкес келмейтіні, асфальт-бетон төсеуде жіктерінің тегістігі сақталмайтыны анық. Жол құ¬рылысына пайдаланатын инертті материалдардың сапасына мəн берілмей, мердігерлер мен шамадан тыс ауыр салмақты жүк тиейтін көлік иелері белгіленген мөлшерден əлдеқайда артық жүк тиеп, өзімбілемдікке жол беріп, ешкімнен қаймығар емес. Бұл жерде сол материал-дардың тығыздығы, суға қанығу коэффициенті норма талабына қайшы келіп отырғаны да шындық, - дейді инженер Тойшыбай Әлиахметов.
Сенбілік жұмыстары – тазалық таразысы
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024