Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қасқабұлақ қарқынды дамуда

Қасқабұлақ қарқынды дамуда
ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Жардис Усейнов баспасөз мәслихатын өткізіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Ж.Усейновтың айтуынша, округ бойынша 1 елді мекен, 143 аула болса, 1 132 халық өмір сүреді. Сондай-ақ 1 орта мектеп, 1 дәрігерлік пункт, 1 клуб, 1 кітапхана, 2 шағын футбол алаңы, 1 ветеринариялық пункт, 1 полиция пункті халыққа қызмет көрсетеді. 

Округте 14 шаруа қожалық тіркелген. Малшаруашылығымен 8 және 6 шаруашылық диқаншылықпен айналысады. Бұдан бөлек 2 шаруа қожалық мал тұқымын асылдандыру бағытында жұмыс істеп жатқанын айтқан округ әкімі ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 69 649 гектарды құрайды. Талдай айтсақ, елді мекен жері – 3 767 гектар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 23 986, егістік жер – 1 740, шабындық 191 гектарды құраса, 22 055 гектары жайылым ретінде пайдаланылуда. Статистикалық есеп бойынша, округте 894 мүйізді ірі қара, 16 712 қой-ешкі, 120 жылқы бар. Сондай-ақ биыл ауылдық округ бойынша игерілген егіс көлемі 1 740 гектарды құрады, – деді Жардис Усейнов.
Сондай-ақ баяндамашы кәсіпкерлердің демеушілігімен атқарылған игі істерге тоқталды. Өткен жылдың наурыз айында «Жомарт түлек» жобасы аясында салынған мешіт ел игілігіне беріліпті. Ауылдық окургтің бір көшесіне демеушілер көмегімен 1,2 миллион теңгеге жарық орнатылыпты.

Брифинг соңында журналистердің сұрақтарына жауап берген Жардис Исмаилұлы алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Шапағат ӘБДІР
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар