Жалпы Жамбыл политехникалық жоғары колледжі өңіріміздегі одан қала берсе республика бойынша бесінші орыннан көрінген кәсіптік жұмысшы мамандарын даярлайтын білім ордасы. Биыл оқу орнының 70 жылдық мерейтойы өткізілмекші. Осыған орай «70 игі іс» басмасы басталды. Яғни колледжімізде жетпіс түрлі іс шара өткізілмекші. 70 түрлі жақсылық жасалып, көршілікке паш етілмекші. Кеше ғана «IT мамандығын бітірген түлектердің жетістіктері» тақырыбында түлектермен кездесу өтті. Кездесу барысында елген қонақтарымыз колледжде өткен қызықты оқиғаларын, оқу барысы туралы қызықты әңгімелерін айтып, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Студент жастарға өз кеңестерін беріп, нақты мақсат қоя білуге, бәсекеге қабылетті маман болып, айқын болашаққа жетулерін тіледі. Отырыс соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ботакөз Сарыбайқызы қонақтарды Алғыс хатпен марапаттап, жастарға мотивация бергені үшін рахмет айтты.
Және осы жоба аясында колледжде «Тарихы терең Тараз» атты облыстық тарихи өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Жылжымалы көрмеде екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлер мен көне шаһар тарихына байланысты стендтер және түрлі жәдігерлер қойылды. Оның ішінде әртүрлі кезеңдегі мыс монеталар, қола бұйымдар, шырағдандар, құмыралар, жинақ сандықшалары көрсетілді.
Мөлдір Қалыбаева
Жамбыл политехникалық
жоғары колледжінің
оқытушысы
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда 180 құзыреттілік орталықтары ашылды
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024