Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көңіл көңілден су ішеді

Көңіл көңілден су ішеді
ашық дереккөз
Алматы қаласына қарасты Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы, Патриоттар академиясының филиал Президенті А.Қасымбектің бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен балаларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталмыш акцияға Бостандық ауданындағы мектеп, балабақша директорлары атсалысып,  қайырымдылық пен жомарттықтың құдіреті кез келген қиындықты жеңуге қабілетті екенін көрсетті.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы балалар сауығып, демалу үшін Қонаев қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына орналастырылған болатын. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілді.  Енді олар мұнда оқып қана қоймай, толыққанды демалып, спортпен шұғылданып және  шығармашылық қабілеттерін дамытты. Бұл олардың болашақ болашақ жетістіктеріне жол ашатыны сөзсіз.

Басшыларымыздың ілтипаты мен қамқорлығының арқасында балалардың әрқайсысына спорттық костюмдер табыс етілді. Бұл – көмек қолын созудың үлгісі ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер мен үміттің символы.

Су тасқынынан зардап шеккен: Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Ақмола секілді алты облыстан келген балалар қайырымды жандардың қамқорлығы мен қолдауын сезінді. Ауызбіршілік пен адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген бұл әрекетіміз баршаға мейірімділік пен мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге шабыт беретіні сөзсіз.

Тилдаш Битуова,

«Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» ҚМ басшысы 

 

 

 

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар